Қар, боран, көктайғақ: 24 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Қар, боран, көктайғақ: 24 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 24 желтоқсанда қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің солтүстігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте ауа райы көбіне құбылмалы, кей жерлерде тұман және қар жауады. Шығыста – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыста – бұлтты, жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады.

Астана – бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Боран, көктайғақ, жел күшейеді. Түнде -4…-6°C, күндіз шамамен 0°C.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар. Кей уақытта тұман. Түнде -8…-10°C, күндіз -1…-3°C.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -18…-20°C, күндіз -2…-4°C.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C.

Атырау – бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Түнде және күндіз 0…-2°C.

Орал – құбылмалы бұлтты, түнде қар, жер бораны. Тұман, көктайғақ. Түнде және күндіз -10…-12°C.

Ақтөбе – бұлтты, түнде қар, бұрқасын. Көктайғақ. Түнде және күндіз -3…-5°C.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар, жер бораны. Түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Түнде -5…-7°C, күндіз 0…-2°C.

Қостанай – бұлтты, таңертең және күндіз қар, боран, көктайғақ. Түнде -8…-10°C, күндіз -2…-4°C.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, жер бораны, жел күшейеді. Жолдарда көктайғақ. Түнде -5…-7°C, күндіз -2…-4°C.

Петропавл – бұлтты, қар, боран. Түнде -7…-9°C, күндіз -5…-7°C.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, күндіз аздап қар. Жолдарда көктайғақ. Түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Түнде -15…-17°C, күндіз -6…-8°C.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -8…-10°C.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget