Қар басқан аудандардан 9 мыңнан аса жолаушы эвакуацияланды - ҚТЖ

Қар басқан аудандардан 9 мыңнан аса жолаушы эвакуацияланды - ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Жаңа жыл мерекесінде қар басқан аудандардан 9 мыңнан аса жолаушы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компания жолаушылардың жайлылығы үшін қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар дайындаған.

"Нәтижесінде 30 мың орын дайындалды. Негізінен олар ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден жолаушыларды шығару үшін жіберілді. Осылайша, қар басқан аудандардан 9 мыңнан аса жолаушы эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.

Биыл 2 қаңтарда Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар, Павлодар бағытында 4 қосымша қала маңы пойызы іске қосылды. Жолаушыларға қосымша 1300 орындық ұсынылды.

"Жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсетуге арналған вокзалдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қазақстандағы вокзалдарда 600 аса кезекші күн сайын жолаушыларға тиісті ақпарат беріп жатыр. Теміржол тәулік бойы қардан тазартылып жатыр. 29 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін теміржолдардан 36 мың текше метрден аса қар шығарылып, 12,9 мың шақырым жол тазартылды. Қарды тазалауға 73 техника мен 3,6 мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетау-Астана тасжолынан 200-ден аса адам жолаушылар пойызымен эвакуацияланғаны хабарланды. 

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz