- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- қар барысы
Қар барысына видео түсірілім ұнамады: желіде ерекше видео тарады
Желіде Қатонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығы аумағында түсірілген қар барысының қызық видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қатонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында фототұзаққа ерекше сәт түсіп қалды. Қар барысы камераға қызығушылық танытқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ол жай ғана жанынан өте салмай, түсірілімге өз "түзетулерін" енгізбек болғандай.
Кадрларда барыстың камераны мұқият зерттеп тұрғаны анық көрінеді. Бір сәтте ол сақтықпен жақындап, аяғымен түртіп қалады. Мүмкін, ракурс ұнамаған болар? Әлде суретке "дұрыс" түсу үшін кадрды өзі реттемек болды ма?
Қалай десек те, техника шыдады, ал бізге табиғаттың осы ғажайып жыртқышының сирек кездесетін, ерекше кадрлары бұйырды", - делінген хабарламада.
Видеода кадрлар 2024 жылдың 26 желтоқсанында және 2025 жылдың 9 қаңтарында түсірілгенін байқауға болады.
Еске салайық, фототұзақ - бұл қозғалысқа немесе жылуға жауап беретін және суретке немесе бейнеге түсіретін автоматты камера. Ол жабайы жануарларды өздерінің табиғи ортасында бақылау үшін, сондай-ақ табиғатты қорғау және ғылыми-зерттеулер үшін қолданылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова