Камераға қызыққан қар барысы Алтын-Емел ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кадрлардан жануар камераны байқап, оған жақын келіп, ойнап тұрған сәтін көруге болады. Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, жануарлар кадрларға кездейсоқ түсіп қалып, әдетте байқамай өтіп кетеді. Егер байқап қалса, ормандағы ерекше құбылыс ретінде оған қызығушылық танытады.
Жабайы жануарлардың қозғалысын бақылау үшін ұлттық паркте 15 фототұзақ орнатылғаны хабарланды.