- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ауа райы болжам синоптик
Қар, аяз және көктайғақ: қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қарашада ауа райы қандай болатынын айтты. Олардың сөзінше, оңтүстік-батыс және оңтүстік облыстарда қар аралас жауын-шашын және аязды күндер күтіледі. Ай бойы екпінді жел соғып, бұрқасын, көктайғақ және тұман түседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарашаның алғашқы онкүндігінің басында ауа температурасы жоғарылайды.
Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5+5 градустан +2+8 градусқа дейін, күндіз +2+7 градустан +7+12 градусқа дейін, түнде - 2-8°С, күндіз 0,-5°С дейін, кейін бірте-бірте төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде 4 қарашадан 10 қарашаға дейін жаңбыр жауады, кей күндері нөсер, таулы аймақтарда жаңбырдың арты қарға айналады.
Ауа температурасының жоғарылауы түнде 0,+5°С, таулы аймақтарда -3 градустан +5+10 градусқа дейін, күндіз +17+22 градус, таулы аймақтарда +14 градусқа дейін көтеріледі. 5 қарашадан бастап түнде 0,-5 градус, таулы аймақтарда -8 градус, күндіз 0,+5 градус, таулы аймақтарда -5 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде +4+10 градустан -2-7 градусқа дейін, күндіз +7+15 градустан -2+5 градусқа дейін төмендейді.
Айдың екінші жартысында аяз күтіледі.
Суық ауа массаларының басып кіруімен ең суық күндерде термометр бағаналары республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С, күндіз -7-12°С дейін төмендейді. Республиканың батысында және оңтүстік жартысында түнде -3-15°С, күндіз 0,-7°С дейін.
Орталық Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының жойылуымен салқын күндердің орнына республиканың басым бөлігінде күн +3+8°С дейін, оңтүстік жартысында +8+15°С дейін жылынады.
Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасы нормаға жақын болады деп күтіледі.
Қарашадағы жауын-шашын республиканың басым бөлігінде қалыпты шамада болады деп болжанады. Нормадан артық - Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодардың басым бөлігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, Ақтөбе облыстарында, Қостанайдың солтүстік жартысында, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде. Нормадан жоғары - Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қызылорданың оңтүстік-шығысында және Қарағанды, Абай облыстарының шеткі оңтүстігінде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек