• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қар, аяз: 10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қар, аяз: 10 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана

Ауыспалы бұлтты болады, кей уақытта аздаған қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -6...-8°C.

Алматы

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.

Шымкент

Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -2...0°C, күндіз +4...+6°C.

Ақмола облысы

Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауады, күндіз көктайғақ болады. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, батысында және оңтүстігінде -20°C, күндіз -3...-8°C, оңтүстік-батысында -11°C.

Алматы облысы

Тау бөктерлерінде аздаған қар жауады. Оңтүстігінде және тау бөктерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -6...-11°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -14...-19°C, күндіз -3...+2°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -6...-11°C.

Жетісу облысы

Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13...-18°C, оңтүстігінде -9°C, орталығында және таулы аудандарында қатты аяз -22...-27°C, күндіз -3...-8°C, оңтүстігінде +2°C, шығысында және таулы аудандарында -13°C.

Түркістан облысы

Түнде таулы аудандарда, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с соғады, батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Ауа температурасы түнде -4...+1°C, солтүстігінде -9°C, күндіз +4...+9°C, солтүстігінде -1°C.

Батыс Қазақстан облысы

Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, күндіз -3...+2°C.

Атырау облысы

Жауын-шашынсыз. Батысында және солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -8...-13°C, күндіз 0...-5°C.

Маңғыстау облысы

Солтүстігінде және орталығында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-9°C, солтүстік-шығысында -12°C, күндіз 0...-5°C.

Ақтөбе облысы

Жауын-шашынсыз. Мұғалжар ауданында боран соғады. Солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 9-14 м/с, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-12°C, шығысында -15°C, күндіз -2...-7°C.

Қостанай облысы

Жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, шығысында және оңтүстігінде -18°C, күндіз -1...-6°C, оңтүстігінде -9°C.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7...-12°C, оңтүстік-батысында -15°C, күндіз -1...-6°C, оңтүстік-батысында -9°C.

Павлодар облысы

Солтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, боран соғып, күндіз көктайғақ болады. Батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, солтүстігінде -7°C, күндіз -4...-9°C.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget