Күн күрт бұзылуына байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар жауады.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
8 желтоқсанда мына республикалық жолдарда жүк көлігі және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Жолды 8 желтоқсанда сағат 13:00-де ашу жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!