- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қар аралас жаңбыр,...
Қар аралас жаңбыр, аяз: Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлегінде тұрақсыз ауа райы сақталып, қар аралас жаңбыр жауады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын күтіледі.
Еліміздің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облысының таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова