- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қапырықты көтере алмау...
Қапырықты көтере алмау ағзадағы қандай проблеманы көрсетуі мүмкін?
Жаз - кондиционер қосуды талап ететіндер мен салқын желден қорқатындардың дауласатын кезеңі. Егер бірінші топтағы адамдар қатарында болсаңыз, қоғамдық көлікпен жүру сіз үшін нағыз сынақ болуы мүмкін. Қапырық бөлменің еш пайдасы жоқ, бірақ кей адамдар үшін мұндай жерде отыру өте қиын. Неліктен қапырықта қатты қиналасыз және жағдайды қалай өзгертуге болады? Бұл сұрақтарға Doctorpiter порталына невропатолог, вегетолог Ксения Овсянникова жауап берді.
Маманның айтуынша, мұндай адамдар дәрігерге қаралса, әдетте, қан тамырлары нашар екенін естиді. Бұл нені білдіреді?
Ксения Овсянникованың айтуынша, біздің басымызды көпшілік білетін балалар тапсырмасындағы бассейнмен салыстыруға болады. Оған артериялар арқылы қан ағып келеді, тамырлар арқылы ағып шығады. Егер УДЗ кезінде адамда веноздық ағынның бұзылу белгілері байқалса, оның басында іркіліс пайда болған. Онымен байланысты проблемалар жиі отырып жұмыс істейтін немесе бас жарақатын алған адамдарда айқынырақ білінеді. Сондай-ақ, ол өт іркілісімен бауырдағы лимфа сүзгісінің бұзылуы фонында айқынырақ болады.
Дәрігер веноздық іркілістің мына белгілерін атап өтті:
- таңертең басыңызда ауырлық сезіну;
- басыңызды, әсіресе ұзақ жұмыс күнінен кейін алға және төмен еңкейту кезіндегі ыңғайсыздық сезіну;
- қапырыққа шыдамау.
Ми - оттегі жетіспеушілігіне ең сезімтал орган. Әсіресе ауасыз вегетативті жүйке жүйесінің жоғары басқармасы қиналады. Сондықтан, іркіліс кезінде қапырық бөлмеде жағдайыңыз нашарлайды, тіпті, есіңізден танып қалу, бас айналу және мазасыздық пайда болуы мүмкін.
Веноздық іркіліс кезінде артерияларға не болады? Олар әкелген қанды бас сүйегіне кіргізуге тырысқан кезде спазм болады. Бұл кезде адам жағымсыз сезімдер сезеді: мойын мен бас ауырлай түскендей болады.
Егер сіз веноздық іркіліс себебінен қапырық бөлмеде үнемі өзіңізді нашар сезінсеңіз, не істеу керек? Ксения Овсянникова ісіну-іркілісті жоюға және қанның микроциркуляциясын іске қосуға кеңес береді. Оның алдын алу үшін тамыр қабырғасын жаттықтыру өте маңызды. Ол үшін қарама-қарсы душ және ұзақ серуендеу көмектеседі.
Жүрек-қан тамырлары дертін алдын алудың 7 амалы
А. Жапатова