- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қапшағайдағы құжынаған халық...
Қапшағайдағы құжынаған халық Желідегілерді таңғалдырды
Қонаев қаласы Қапшағай жағасына демалушылар саны күрт көбейген. Желіде түрлі видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрда Қапшағай көліне демалушылар шектен тыс көп екенін көруге болады. Тіпті тұрғындар Алматы қаласынан Қонаев қаласына жету үшін сағаттап кептелісте тұру керегін айтып, Желіде наразылық білдірді.
"Бұл Үндістан емес, бұл - Қазақстан", - деп жазды instagram қолданушысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, пікір қалдырды.
"Мә, не деген адам мынау", "Масқара мен Қытай ма десем", "Не демалыс мынау", "Үйде жатқаным жақсы", "Мынаның ішінен тұқымыңды таппайсың ғой", "Кіру 300 теңге, сондықтан шығар", "Ақылы жағы бұндай емес", - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы