Қапшағайда суға батып бара жатқан адамды құтқармақ болған жігіт қаза тапты

Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан демалушыны құтқармақ болған кезде қаза тапқан. Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қапшағай су қоймасында өз өмірін қиып, басқа адамды құтқаруға тырысқан Андрей Филипович Козятинскийдің қазасы туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бұл әрекет - нағыз ерліктің, жанқиярлықтың және азаматтық қадір-қасиеттің үлгісі. Шешуші сәтте Андрей бей-жай қалмай, өз қауіпсіздігін ойламастан, қиындыққа тап болған адамға көмекке ұмтылды. Мұндай қадамға тек жүрегі кең, мінезі мықты адам бара алады", - деп жазды әкім.

Әкім қала тұрғындарының атынан Андрейдің әкесіне, бауырына, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жігіттің ерлігі Қонаев тұрғындарының жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

ТЖД мәліметінше, 22 шілдеде демалыс аймақтарының бірінде суда жазатайым оқиға болғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала ақпарат бойынша бір адам суға кеткен. Батып бара жатқан демалушыны құтқару кезінде демалыс базасының қызметкері қаза тапқан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!