Қапшағайда демалушы қаза тапқан іс: катер жүргізушісі 2 жылға сотталды

Қапшағайда демалушы қаза тапқан іс: катер жүргізушісі 2 жылға сотталды
Фото: depositphotos.com

Қонаевта Қапшағай су қоймасындағы қайғылы оқиға бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қонаев соты Қапшағай су қоймасында демалушының қаза табуына байланысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Т. есімді ер адам катерді басқарып, жалға беру қызметін көрсету барысында су көлігі қауіпсіздігін өрескел бұзып, соның салдарынан 23 жастағы ер адамның өліміне жол берген. Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды.

Тергеу барысында 2025 жылғы 2 шілдеде Т. есімді ер адам катермен су қоймасының акваториясына ымырт уақытта, шектеулі көріну жағдайында әрі жолаушылардың рұқсат етілген санынан артық шығып кеткені анықталды.

Соның салдарынан ол шомылып жүрген Б.-ны қағып кетті, ол алған жарақаттардан қайтыс болған.

Мемлекеттік айыптаушы сотта Т. есімді ер адамға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасынтағайындауды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге су көлігі саласында қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады.
 
Сот үкімімен ер адам 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ 2 жыл мерзімге су көлігі саласында қызмет атқару құқығынан айырылды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget