Қапшағайда бала тоққа түсіп мерт болды

Қапшағайда бала тоққа түсіп мерт болды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қапшағай жағалауында 11 жастағы баланы тоқ соғып, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баланың туысының айтуынша, қайғылы оқиға 24 мамырда Қапшағайдағы демалыс базаларының бірінің маңында болған. Сондай-ақ, көмекке жүгіріп барған бірнеше адам да тоқ соғу салдарынан зардап шеккен.

Әйелдің айтуынша, жабдықталмаған жағажайда көзге көрінбейтін электр сымдары болған.

"Баланы бірінші болып көрген әжеміздің айқайын естіп көмекке жүгірген бір қызды да тоқ соқты. Ол екінші дәрежелі күйік алды. Ағасына еңкей деп айқайлап үлгерген. Тағы бір жігітті де тоқ соқты", – деді әйел.

Оның айтуынша, жағажайда ешқандай ескерту белгісі болмаған.

Қонаев әкімдігі мәліметінше, бұл аумақтағы электр желілері жекеменшікке тиесілі.

"Қайғылы оқиғадан кейін бағаналар жағажайдан алысырақ жерге көшірілді. Бұл дерек бойынша Қонаев полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдай әкімдік бақылауында", – деді Қонаев әкімдігі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers (@kris_p_akimat)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget