Қапшағай тасжолындағы жантүршігерлік оқиға қалай болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл оқиға TikTok-тағы "Мистические истории" парақшасында пайда болды.
@misterio.kz♬ оригинальный звук - Мистические Истории
Нариман есімді жігіт жыл сайын достарымен Қапшағайға барады. Олар биыл да дәстүрлі түрде су қоймасына барып, демалып қайтқан.
Бір сәтте олар кеш қалай батып кеткенін байқамай қалған. Жігіттер үйге жинала бастаған уақытта сағат түнгі 12 болып қалған.
Нариман достарымен демалысты ойдағыдай өткізгеннен кейін Алматыға жолға шығады. Олар тасжолда сүйкімді, сары шашты қызды байқап қалады. Жалғыз тұрған қыз такси ұстап тұрған.
Нариманның достарының бірі қызды бірге алып кетуді ұсынады. Олар сары шашты қыздың жанына көтіктерін тоқтатқан кезде адам түсіндіре алмайтын жайт болған: сырттан көлік жаққа қарай адам емес, ат келе жатқандай дыбыс естілген.
Сары шашты сүйкімді қызды алып кетуді ұсынған жігіттің түрі сұрланып, көлікті тізгіндеп отырған досына "көлікті айда, ол қыздың тұяғы бар" деп айғайлай бастаған. Жүргізуші осы оқиғаға қатысты жергілікті аңызды есіне түсіріп, көлікті айдап кетіп қалады.
Артта қалған қыз күліп, оларды қуып жетіп, алып кетуді ұсынған жігітпен бетпе-бет келіп қалады.
Осылайша жігіттер араларындағы біреуінің үйіне барады. Әлгі қыз оларды қуып жеткен. Жігіттер көліктен шығайын десе, әлгі қыз көлікті құрбанын аңдыған акуладай айналып, жүріп алады. Жігіттер қорыққанынан көліктен таңға дейін шықпай отырған.
Таңға жуық күн ұясынан шыға бастаған кезде қыз көліктің капотын бір ұрып, жоғалып кетеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз