26 маусымда Алматы маңындағы Қапшағай тасжолында куәгерлер шаңды құйынды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерекше табиғи құбылыс Алғабас ауылының маңында, жолдың дәл іргесінде пайда болып, жүргізушілердің назарын аударды. Видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.
Жазба авторы бұл құбылысты америкалық торнадомен салыстырды. Кейбір қолданушы бұған дейін Қазақстанда мұндай ауқымдағы құйынды ешқашан көрмегенін жазды.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаңды құйындар күн ыстық әрі құрғақ кезде жер бетінің белгілі бір тұсы қатты қызғанда пайда болады және олар торнадоға жатпайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!