- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлікті дұрыс жуу
Капот астын өз бетіңше жууға бола ма? Сарапшы жауап берді
Көптеген автокөлік иелері көліктерін өз бетімен жөндеп, техникалық қызмет көрсетуді жөн көреді, әсіресе көлік жөндейтін жерлердің қызметтерінің бағасы артып жатқан кезде. Дегенмен қозғалтқыш бөлігін тазалау кезінде барлығын өзіңіз жасау қауіпсіз емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қозғалтқышты таза ұстау өте маңызды. Авто сарапшылардың сөзінше, май ағуы немесе басқа да белгілер ақауларды көрсетуі мүмкін, сондықтан олардың себебін анықтау үшін маманға жүгінген жөн.
"Қозғалтқышты өз бетіңізше жуу ұсынылмайды, себебі дұрыс таңдалмаған автохимия жаңа мәселелерге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ радиаторларды тазалау маңызды, дегенмен бұл жұмысты бөлшекті шешпестен жасауға болмайды. Сондықтан оны мамандарға тапсырған дұрыс. Радиаторды жылына екі рет тазалау ұсынылады", - дейді сарапшылар.
Ал өз бетіңізше тазалай алатын нәрсе - қозғалтқыш бөлігіндегі жапырақтар мен шаң-тозаңды жою. Оны өзіне-өзі қызмет көрсету көлік жуу орындарында сығылған ауа ағынын пайдаланып тазартуға болады. Қыста аккумулятор мен оның клеммаларын тексеру аса маңызды.
"Жақсы байланыс үшін клеммаларды тоттан тазартып, арнайы спреймен өңдеу қажет. Мұндай спрейді кез келген авто дүкеннен сатып алуға болады. Сонымен қатар сымдардың жағдайын тексеруді ұмытпаңыз. Егер сымдардың кейбірі ауыстыруды қажет ететінін байқасаңыз, бұл жұмысты да мамандарға тапсырған жөн. Автокөлік - күрделі техникалық құрылғы, сондықтан кез келген қызмет түрін, соның ішінде тазалауды, арнайы СТО-да өткізген дұрыс", - деп ескертеді сарапшылар.
Тежегіш неге шиқылдайтынын білесіз бе? Автосарапшылар осы мәселені шешу жолдарын ұсынды. Толығырақ сілтемеде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Н. Ынтымақұлы