Сарапшы Йоахим Бехар адамдарды қауіпті ауруды көрсететін белгіні елемей қоя салмауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ThePost-қа сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, апноэ деп аталатын тыныс алудың қиындауы не кідіруі жиі кездесетін жағдай, бірақ оны анықтау қиын, өйткені бұл белгі тек ұйқы кезінде пайда болады. Аурудың ерекше белгісінің бірі - әдеттегі қорылдау.
Йоахим Бехардың адамдар бұл белгіні жиі елемейді дейді. Ол қорылдаудан зардап шегетін адамдарға қажетті тексеруден өтуге кеңес берді.
Апноэ кезінде қандағы оттегінің күрт төмендеуі жүрек-қан тамырлары жүйесін шамадан тыс жүктеліп, қан қысымы қысқа уақытқа артады. Бұл кейіннен жүректің ауыр ауруларының даму қаупін арттыруы да мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін қорылдаудың 8 себебі туралы хабарланған еді.
Қорыл ұйқы сапасына және денсаулыққа жағымсыз әсер етеді. Қорылдаудың жиі кездесетін себебінің бірі ол - темекі тарту.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көз неге қарауытып кетеді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!