- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қап-қара киім киген...
"Қап-қара киім киген кісі келеді". Сот медициналық сарапшы адам өлетін кезінде не көріп, сезетінін айтып берді
Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша көпті тәнті еткен сот медициналық сарапшы Тахир Халимназаров "Динамен дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатында адам өлетін кезінде не көріп, не сезетінін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, кез келген адам өзінің ажал аузында жатқанын түсінеді.
"Адам өлім алдында көп жағдайда өзіне келіп, көзін ашады. Адам өлер алдында ағза жинайтын белгілі бір механизм бар. Бұл - рас нәрсе. Ана дүниеге кетіп бара жатқан адам өзінің өлім аузында жатқанын біледі, бұған әрине ғылыми дәлел жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, тіпті кішкентай балалар да ауырып, ауыл халде жатса, "жанымда қара киінген бір кісі отыр" деп айтатын көрінеді. Менің анам да, әжем де қайтыс боларында қара киімді кісінің отырғанын айтқан. Мұндайды біз естіген кезде, ешнәрсе айта алмаймыз, өйткені ғылым мұндай құбылысқа ешнәрсе айта алмайды", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда қайда және қашан ядролық жарылыстар болды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә