Қанттан біржола бас тартуға болмайды, бірақ оны тұтынуды шектеген дұрыс. Бұл туралы диетолог Наталья Павлюк айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1-ге" сілтеме жасап.
Дәрігер ғылыми ұйымдардың ұсынысын келтірді, оларға сәйкес қанттың мөлшері бір күндік рационның 10 пайызынан аспауы шарт, ал 5 пайызға дейін болса, тіптен жақсы.
Мысалы, егер адам күніне 2 мың калория тұтынатын болса, онда 10 пайызы – 200 калория, бұл – 50 грамм көмірсуларға тең.
"Яғни жиырма бес грамм – бұл қалаулы мақсаты. Бұл бір күнде ағзаға түсуі керек қант мөлшері. Нан мен кетчупте қант бар. Кейде оны сусын мен шырындарға да қосады", – деді Наталья Павлюк.
Ол қантқа толық пайдалы балама жоқ екенін айтты. Маман жемістер мен жидектерді тұтынуға кеңес берді. Олардан кейін кептірілген жемістер мен шырындар зияндылық дәрежесіне сәйкес келеді.
Еске салайық, бұған дейін қанда қант көбейіп кеткенін білдіретін белгілер туралы хабарланған болатын.
Дәретке жиі бару. Қанда қант көбейіп кеткенде, ағза барынша артық тәттіні сыртқа шығарып тастауға тырысады. Содан дәретке бару жиілейді. Сондай-ақ тағы бір айта кететін нәрсе мынау – дәреттің жиілеуі бүйрек ауруынан хабар беруі де мүмкін.
Шөлдеу. Кәдімгі шөлдеуден айырмасы бар. Адам қанша су ішсе де, қанбай кетеді. Бұл да бір ерекше белгі.
Аяқасты әлсіреу. Ағзада қант көбейген кезде, жасуша инсулин гормонын сезінуден қалады. Ал инсулин қантты сұрыптап, энергияға айналдыруға көмектесетін гормон. Ол жұмыс істемесе, адам аяқасты әлсіреп кетеді.
Қарын ашу. Бұл да инсулинмен байланысты. Қанда қант көп, бірақ ағза қанша инсулин бөлсе де, оны жасушаларға бөле алмай қиналады. Содан жасуша ашығады. Мұның соңы полифагияға әкелуі мүмкін. Яғни адам қанша тамақ ішсе де, тоймайды.
Көз нашарлау. Көздің алды бұлдырап кетеді. Қант көбейсе көздің ұсақ қант тамырлары жапа шегеді. Қант тамырлары көбейіп кетуі мүмкін не тамырдан қан кетуі ықтимал.
Невропатия. Қанда қант көбейіп кетсе жүйе талшықтары зақым алып, тері сезінуден қалады. Шаншып ауру, ұйып қалу, дененің күюі сынды белгілер білінуі мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!