31 қаңтарда Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі екпіні - 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні - 15-20 м/с.
Шымкентте түнде тұман болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлаған едік. Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстік жартысына жоғары атмосфералық қысым әсер етеді. Сондықтан аяз сақталып, жауын-шашын жаумайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!