- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаңтардағы митинг: екі...
Қаңтардағы митинг: екі полицейді көлікпен қағып кеткен ақтөбелік 15 жылға сотталды
Ақтөбе қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта былтыр қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот шешім шығарды. Мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан Исаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Тергеушілердің айтуынша, ол тәртіпсіздіктерге қатысып, екі полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен, - деп хабарлайды diapazon.kz.
Сот алдында 17 ер адам мен бір әйел болды. Олар тәртіпсіздіктерге қатысты, билік өкілдеріне бағынбады және басқа да баптар бойынша айыпталған. 1 ақпанда судья Бақтығалиев оларға қатысты үкім шығарды. Сот шешімін тыңдауға сотталушылардың туыстары келіп, зал лық толған. Судья үкімді оқып жатқанда, залдағылар бірде қол соқса, бірде реніш білдірген.
Нұрсұлтан Исаев 2022 жылы 5 қаңтарда облыс әкімдігінің маңында жеке басы анықталмаған екі полиция қызметкері мен бір азаматты көлікпен қағып кеткені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеушілер Исаев полиция қызметкерлерінің өміріне қол сұққаны үшін, осындай ұзақ мерзім беріліп отыр деп есептеді. Оның өзі мұндай жазаға қатты ренжіп, туысы тіпті судья мен прокурорларды қарғаған. Қорғаушы бір полиция қызметкерінің мүлде жарақаттанбағанын, екіншісінің дене жарақаты жеңіл болғандықтан, мұндай жаза өте ауыр екенін айтты. Адвокат сотталушының тәртіп сақшыларының өмірін қиюға ниеті жоқ екенін алға тартты.
"Менің ойымша, үкім негізсіз және заңсыз, ол барлық заң талабын бұза отырып шығарылды. Менің қорғауымдағы ер адамның кінәсі дәлелденген жоқ, бірақ сот оны 15 жылға соттады. Бұл - өрескел заңбұзушылық. Әрине, үкімге аппеляциялық шағым түсіреміз", - деді Исаевтың адвокаты үкімге қатысты.
18 адамның екеуі ғана қамауға алынды, бұл Нұрсұлтан Исаев пен Ками Дархан, екіншісіне 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның ісінде рецидив танылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде қаңтардағы наразылық кезінде екі полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен ер адам 15 жылға сотталуы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек