- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаңтардағы ауа райы...
Қаңтардағы ауа райы қандай болатыны анықталды
Синоптиктер қаңтардағы ауа райына болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаңтар айында Қазақстанның ауа райын көбінесе Атлантикалық циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайтын болады, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік өңірлерде қар түрінде болжанады. ҚР бойынша бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-28 м/с дейін күшеюі жиі күтіледі.
3 қаңтардан бастап Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында суық ауа массаларының ағынымен ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі болжанады:
- республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -3+2°С-тан -20-27°С-қа дейін, күндіз -3+2°С-тан -7-15°С-қа дейін;
- ҚР орталығында және шығысында түнде 0,-8°С-тан -20-28°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -5-18°С-қа дейін;
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Қазақстанның солтүстік жартысында аяздың әлсіреуі болжанады:
- түнде -5-15°С дейін, күндіз -3-8°С дейін. Қаңтардың бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндігінің басында антициклонның күшеюімен түнде температура қайтадан -18-25°С дейін төмендейді.
Еліміздің батыс өңірлерінде қаңтар айының басында ауа температурасының түнде -3+5°С-тан 0,-10°С-қа дейін, күндіз -3+7°С-тан 0,-5°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, екінші жартысында – түнде -10-18°С-қа дейін, күндіз -3-10°C-ға дейін ары қарай төмендейді, бірінші онкүндіктің соңында ғана күн жылынады.
Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -3-15°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан -8+3°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Консультативтік болжамға сәйкес, 2024 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер мен қатар циклондар мен атмосфералық фронттардың өтуі жиілеп, нәтижесінде қар жауады (ҚР оңтүстік жартысында жауын-шашын), бұрқасын күтіледі. Ауа массаларының өзгеруімен көктайғақ құбылыстары, тұман байқалады.
Жылу толқындарының бірнешеуі болжанады:
- ауа температурасы ҚР солтүстік жартысында және шығысында түнде -3-13°С дейін, күндіз -5+5°С дейін;
- ҚР оңтүстік жартысында және батысында түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+15°С дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыс антициклондардың енүімен бірнеше суық толқындар болжанады. Бұл күндері ауа температурасы төмендеуі мүмкін:
- ҚР солтүстік жартысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде -22-30°С дейін, күндіз -12-20°С дейін;
- ҚР оңтүстік жартысында және батысында түнде -13-23°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.
Қаңтар айында Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°жоғары болады деп күтіліп отыр. Жауын-шашын мөлшері ҚР басым бөлігінде норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында, ҚР оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжанып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина