- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаңтарда Мәжіліс таратылуы...
Қаңтарда Мәжіліс таратылуы мүмкін
Парламент Мәжілісі қаңтарда мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басшысы Арман Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер Мәжіліс отырысынан кейін Қожахметовтен Мәжіліс мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін бе деп сұрады.
"Мен әлі нақты білмеймін. Мүмкін, иә, осы айда. Менің ойымша, бұл туралы Президент айтты. Ол бірінші жартыжылдықта осындай шешім қабылданатынын ескерткен болатын. Бұл үшін бәрі дайындалды. Тиісті заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мәслихатта да, Мәжілісте де сайлаудың аралас жүйесі болады. Сондықтан бұл өзгеріс жақын арада болуы керек", - деді Қожахметов.
Ол Мәжілісті тарату туралы бастаманы палата төрағасы да, бір топ депутаттар да ұсынуы мүмкін екенін айтты.
"Депутаттар өзін-өзі таратуға бастамашы бола алады. Ал сайлау екі айдан кейін жарияланады. Олар (Мәжіліс депутаттары. - Ескерту) отставкаға кеткенде, Сенат заң шығару миссиясын атқарады, - деді Қожахметов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина