2023 жылдың алғашқы айында Қазақстанда жаңа баспаналар 0,7 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда 11 аймақта баспана қымбаттаған, 10 аймақтағы баға былтыр желтоқсандағы деңгей бойынша қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлда бір айда жаңа пәтерлер 10,6 пайызға қымбаттап кеткен.
Сондай-ақ:
- Павлодарда (+7.8 пайыз);
- Түркістанда (+4 пайыз);
- Қостанайда (+1.9 пайыз);
- Ақтауда (+1.8 пайыз);
- Орал мен Өскеменде (+1.6 пайыз) жаңа үйлер қымбаттаған.
Ал Астанада бір айда жаңа үйлер 0,7 пайызға қымбаттаса, Шымкентте - 0,4 пайызға қымбаттаған. Алматыда баға өзгеріссіз.
Биыл қаңтарда жаңа үйлердің шаршы метрі орта есеппен 481 891 теңге болған. Бұл желтоқсанмен салыстырғанда 44 432 теңгеге немесе 0,4 пайызға қымбат.
Ең қымбат пәтерлер:
- Астанада - 579 161 теңге;
- Алматыда - 547 794 теңге;
- Шымкентте - 441 947 теңге.
Арзанырақ үйлер:
Жезқазғанда - шаршы метрі 160 мың теңгеден;
Ақтөбеде 262 мың теңгеден;
Оралда 270,6 мың теңгеден.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!