- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қаңтар оқиғасымен байланысты...
"Қаңтар оқиғасымен байланысты ма?" Назарбаев бейнеленген монета сатылымға шықпады
Ұлттық банк өкілдері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген монеталар не үшін сатылымға шықпағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2021 жылы 15 желтоқсанда Ұлттық банк тәуелсіздіктің 30 жылдығына (TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL) қазақ хандары мен Тұңғыш Прездент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген монеталарды шығаратыны белгілі болды. Алайда артынша қазақстандықтар бұл монеталар сатылымға шықпағанын байқаған. Монеталар сатылымға шықпағаны рас па?"
"TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының сатылымға шықпауы Қаңтар оқиғасымен байланысты ма?", - деп сұраған еді редакция.
Ұлттық банктің Massaget.kz тілшісіне берген жауабында TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарының шығатыны туралы ресми баспасөз релизі Ұлттық Банктің интернет-ресурсында 2021 жылғы 15 желтоқсанда жарияланғанын атап өтті.
"Алайда монеталар сатылымға шыққан жоқ. 2023 жылдың ортасына дейін айналымға шыққан барлық коллекциялық монеталардың сатылымының кешеуілдеуіне былтыр жыл бойы Ұлттық Банктің интернет-дүкен платформасында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс себеп болып отыр.
Кез келген коллекциялық монетаны сатылымға шығармас бұрын Ұлттық Банк міндетті түрде өзінің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында сатылымның басталар күнін хабарлап, ресми ақпараттық хабарлама жариялайды", - делінген Massaget.kz тілшісіне берген жауапта.
100 теңгені 20 мыңға сатып алған қазақстандық коллекционер ерекше хоббиі туралы айтып берді
Алдағы жылдары шығатын монеталардың тақырыбы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланады.
Еске салайық, жақында қазақстандық коллекционер дәл осы 100 теңгелік монетаны 20 мың теңгеге сатып алған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина