- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сот үкімі
Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Ысқақов сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовқа 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот Ысқақовты 15 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сот оны қызмет бабын асыра пайдаланды және ұйымдасқан қылмыстық топ құру бойынша кінәлі деп тапты. Мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Руслан Ысқақовқа "қызмет бабын асыра пайдаланды", "адамдарды заңсыз ұстады", "қылмыстық топ құрды және оған жетекшілік етті" деген айыптар тағылды.
Руслан Ысқақов 2023 жылғы қыркүйегінде сот отырысында күтпеген мәлімдеме жасады. Сотталушының айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ол сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындаған.
Еске салайық, бұған дейін сот Қайрат Құдайбергенді 8 жылға бас бостандығынан айырғанын жазған едік.
Сот сонымен қатар Қаңтар оқиғасы бойынша Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке де үкім шығарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес