- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда...
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда бір адамға сот үкімі шықты
Талдықорғанда қаңтар оқиғасына қатысушы үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Талдықорған қалалық сотына сілтеме жасап.
"Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен қарақшылық шабуыл, мүлкін жою, мемлекеттік қызметшілерге қарсылық көрсетті, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыпталған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады", - деп хабарлады қалалық сот.
Қалалық сот айыпталушының тағылған айыпты толығымен мойындағанын атап өтті. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуді сұрады.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлігінің санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот айыпталушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Г. Досымшалова