- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаңтар оқиғасы: Президент...
Қаңтар оқиғасы: Президент Ресей Қазақстанды "құтқарды" деген мәлімдемеге жауап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде Ресей Қазақстанды "құтқарды" деген мәлімдемелерге жауап берді, - деп хабарлайды "Массагет".
Бұл туралы Мемлекет басшысы "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты.
"Ресейде кейбіреулер бұл жағдайды бұрмалап, Ресей Қазақстанды "құтқарды", енді Қазақстан мәңгілік Ресейдің "аяғына тағзым етіп, қызмет етуі керек" деп сендіріп жүр. Менің ойымша, бұл мүлдем негізсіз, шындықтан алшақ пайымдау", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы әу бастан контингенттің әскери қимылдарға қатыспауы туралы келісім болғанын атап өтті.
"Шынында да, ҰҚШҰ-ның шектеулі контингентінен бірде-бір оқ атылған жоқ және олар мұнда 10 күннен артық болмады", - деді Қазақстан Президенті.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіндегі қиын сәттер туралы айтқан болатын.
Д. Шәріпхан