Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шара нәтижесінде:

  • заңсыз айналымнан 340 қару, 2 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленді;
  • 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;
  • алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде 70 атыс қаруы тәркіленді;
  • тұрғындар 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget