Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2300-ден аса қару тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбековтің айтуынша, оның ішінде 91-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

"Қазанда 400-ден аса қару және 3 200-ден аса оқ-дәрі, гранаталар мен тротил шашкалары тәркіленді. 59 жасырын қару қоймасы анықталып, жойылды. 17 криминалдық қару тәркіленді, оның ішінде 8-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Ал қалғандары - бұрын айналымнан жоғалған және кейін заңсыз айналымға түскен қарулар", - деді ІІМ өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз