Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 1200-ден аса заңсыз қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл бес айда 1200-ден аса қару тәркіленген, соның ішінде:
"Мамырда Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірқатар қару тәркіленді. Олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік мегаполистегі қару дүкендерінен ұрланған қарулар да анықталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!