Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару тәркіленді

Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару тәркіленді
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 1200-ден аса заңсыз қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл бес айда 1200-ден аса қару тәркіленген, соның ішінде:

  • 18 автомат;
  • екі гранатаатқыш;
  • 320-дан аса тапанша;
  • 100-ден аса ойық ұңғылы қару;
  • 700 тегіс ұңғылы мылтық;
  • Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару бар.

"Мамырда Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірқатар қару тәркіленді. Олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік мегаполистегі қару дүкендерінен ұрланған қарулар да анықталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget