Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түмебаевтың ұлын өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамауда отыр", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар 2022 жылы 11 қаңтарда Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған. Елнардың көлігіне белгісіз біреулер оқ жаудырған. Салдарынан ол оқиға орнында қаза болған. Оқиға Сәтбаев көшесіне жетпей Назарбаев көшесінің бойында болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!