- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаңтар оқиғасы кезінде...
Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды
Талдықорған соты Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.
"Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді. Заңсыз әрекеттердің салдарынан жеті жәбірленуші жарақат алған", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.
Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан