Қаңтар оқиғасы: экс-министр Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды - БАҚ

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғымбаевқа қатысты тергеу әрекеттерінің басталғаны туралы тараған ақпарат расталды.

БАҚ-тың хабарлауынша, оның үстінен Қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Ерлан Тұрғымбаев 1962 жылы 14 тамызда туған. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі,  Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. Заң ғылымдарының кандидаты, полиция генерал-лейтенанты.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздік бойынша күдікті екені хабарланған еді. Бірақ ол кезде ҚР Бас прокуратурасы мұны растамады.

"Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдікті емес. Ол Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу және жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық ісіне куәгер ретінде жауап берді", - деп хабарланған еді сол кезде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!