Бас прокуратура қаңтар оқиғасынан кейін азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қаңтарда азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 31 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, біз - арнайы прокурорлар бірнеше істі аяқтадық. Олар сотқа жолданды", - деді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ыстық үтікпен азаптау дерегі бойынша 25 адам жәбірленуші, 5 полицей күдікті ретінде танылғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!