- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаңтар оқиғасы: 3...
Қаңтар оқиғасы: 3 өңірде қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
3 өңірде Қаңтар оқиғасының белсенді қатысушыларымен байланыста болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою үшін арнайы іс-шара өткізді.
"17 маусымда Алматы, Шымкентте және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, оның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Топ мүшелерінің қаңтар оқиғасының белсенді қатысушыларымен байланысы бары анықталды ", - деп жазылған хабарламада.
Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан аса іздестіру шарасы өткізілді.
"Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр ", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен