- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қант үш ай...
Қант үш ай қатарынан қымбаттаған
Биыл қаңтар мен мамыр аралығында қызылша қантының, тазартылған қанттың өндіріс көлемі небәрі 39,6 мың тонна болған, бұл - кейінгі төрт жылдағы ең төмен көрсеткіш, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап.
2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда өндіріс көлемі 3,4 есеге қысқарды.
Биыл қаңтар-сәуір аралығында отандық қант зауыттары 7,8 мың тонна қант өндірді. Бұл кезеңде қант импорты керісінше 15,3 пайызға өсті.
Биыл мамырда қант бағасы 0,1 пайызға өскен, бірақ жалпы көрсеткіш үш ай қатарынан өсіп келеді: мысалы, наурызда 3 пайызға, ал сәуірде бірден 3,7 пайызға қымбаттады. Былтыр мамырда қант керісінше 0,3 пайызға арзандаған еді.
Өңірлер арасында қант бағасы бір жылда үш облыста ғана өсті: Ұлытау (3 пайызға), Солтүстік Қазақстан (2,4 пайызға) және Ақмола (1,1 пайызға).
ҚР басқа өңірлерінде қант бағасы былтырға қарағанда әлі де төмен, Абай, Маңғыстау және Түркістан облыстарында айырмашылық байқалады.
Мамырда ел бойынша қант бағасы бір келісіне 420 теңге болды, бұл 2023 жылғы мамырға қарағанда төмен, алайда 2021 жылғы мамырға қарағанда әлдеқайда қымбат.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова