Бейлор медицина колледжінің ғалымдары авокадо жеу екінші типті қант диабеті қаупін 20 пайызға төмендететінін анықтады. Жұмыс нәтижелері Journal of Diabetes Mellitus басылымында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
Авторлар 6 159 адамның деректерін қараған, олардың 983-і диетасына авокадоны қосқан, ал қалғандары жоқ. Қатысушылардан екі күн бойы ішіп-жеген тағамдары мен сусындары, сондай-ақ олардың қалай дайындалғаны туралы сұралған.
Содан кейін зерттеушілер авокадо тұтыну мен екінші типті қант диабетінің дамуы арасындағы байланысты алты жыл бақылап, бағалаған. Рационға авокадо қосу бұл аурудың ықтималдығын 20 пайызға төмендететіні белгілі болды.
Зерттеу авторлары бұл жемісті екінші типті қант диабетінің даму қаупін азайтқысы келетіндер күнделікті рационына қосу керек деп есептейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!