- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қант диабетіне шалдығудың...
Қант диабетіне шалдығудың алдын алу үшін мына 3 әдеттен арылыңыз
Қант диабетінің бірінші типі тұқым қуалайтын болғандықтан науқас дәрменсіз болғанымен, екінші типтегі қант диабетіне шалдығудың алдын алуға болады. Эндокринолог Юлия Ивченко қант диабетіне шалдықпас үшін қандай әдеттен құтылу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doсtorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, бірінші және екінші типтегі қант диабеті кез келген жаста дамуы мүмкін. Сонымен қатар, ол қант диабетіне шалдығу жасы айтарлықтай жасарғанын айтты.
"Қазір 18-34 жас аралығындағы екінші типтегі қант диабетімен ауыру жоғарылап тұр. Бұл негізінен белгілі бір жас тобындағы семіздік деңгейінің өсуіне байланысты", - дейді сарапшы.
Дәрігер тәтті тағамды көп тұтынатындар тәуекел тобында бірінші орында деген танымал пікірді жоққа шығарып, ең бастысы, салауатты дене салмағын сақтау екенін түсіндірді. Семіздік - екінші типтегі қант диабетінің өте жиі кездесетін себебі. Дене салмағының индексі BMI 18,5-24,9 аралығында болғаны дұрыс.
Екінші типтегі қант диабеті ауруына әкеп соқтыратын 3 әдет:
- артық тамақтану (жоғары калориялы, көмірсу көп);
- отырықшы өмір салты (аптасына кемінде 150 минут орташа немесе 75 минут қарқынды жаттығу қажет);
- алкогольді көп тұтыну.
Тұқым қуалаушылық қант диабетіне шалдығу қаупін арттыра ма?
"Тұқым қуалаушылық бірінші типтегі қант диабетінің дамуында үлкен рөл атқарады. Қант диабетінің бұл түрі аутоиммунды ауру ретінде қарастырылады, онда өз инсулинінің абсолютті жетіспеушілігі пайда болады", - деді дәрігер.
Қант диабетін ескертетін алғашқы белгілер:
- Шөлдеу;
- Құрғақ ауыз;
- Әлсіздік;
- Шаршаудың жоғарылауы;
- Жиі зәр шығару;
- Көру қабілетінің нашарлауы;
- Аяқтың ұюы, шаншу;
- Ұзақ мерзімді инфекциялар (егер адам ЖРВИ-мен ұзақ және жиі ауырса, қандағы қант деңгейін тексеру керек).
Айта кетейік, бұған дейін тырнағыңыздағы бұл өзгеріс қант диабеті туралы ескертуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Егер тырнақтар ақ, сарғыш немесе жасыл түске ие болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Оған қоса тырнағыңыздың ұшы қалың болса, бұл да ауруды ескертуі мүмкін, ол біртіндеп бүкіл пластинаға таралады. Тырнақтардың сынғыштығын да дабыл деп қабылдағаныңыз абзал.
Тағы да оқи отырыңыздар: Махамбет Өтемісұлы шығармаларына Қазақстан тарихындағы қандай оқиға арқау болған?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә