- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қант диабеті пайда...
Қант диабеті пайда болуының сіз күтпеген себептері
Әлемде соңғы 20 жылда 2-ші типті қант диабетімен ауыратын науқастардың саны екі есеге артқан, ал 2040 жылға қарай олардың саны 642 миллионға жетуі мүмкін. 2-ші типті қант диабеті неден пайда болады? Эндокринолог Елена Ковалевская оның негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Қант диабеті даму қаупінің барлығына белгілі негізгі факторлары:
- тәтті сусындарды ішу, ұннан жасалған өнімдерді және қуырылған ет жеу;
- физикалық белсенділіктің болмауы;
- артық салмақ, тері асты майының жиналуы;
- темекі тарту;
- этникалық тиесілігі.
Алайда көпшілік біле бермейтін де факторлар бар.
"Адамның төмен білім деңгейі мен қант диабеті дамуының жоғары қаупінің арасында байланыс бар екенін көрсететін дәлелдер анықталды. Білім деңгейі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бір бөлігі болып келеді. Төмен әлеуметтік-экономикалық жағдай жоғары күйзеліс деңгейімен байланысты, ал ол эндокринді функцияның бұзылуына әкеледі", - дейді дәрігер.
Түрлі ауруларды да 2-ші типті қант диабеті дамуының жоғары қаупімен байланыстырады. Метаболизмдік синдромы бар адамдар қауіп тобына жатады.
D дәруменінің тапшылығы диабет дамуына қосымша әсер береді.
Кейбір қысымды төмендететін құралдар, статиндер, стероидты гормондар сияқты дәрі-дәрмектер де қант диабетінің даму жиілігін арттырады, бірақ бұл ол препараттардан бас тарту керек дегенді білдірмейді. Алайда оларды дәрігер тағайындағаннан кейін ғана қабылдау керек.
Экологиялық факторларды да есепке алу керек. Зерттеу нәтижелері бойынша ауаның ластануы жүйелік қабынуды және тотығу күйзелісін жоғарылатады, сонымен қатар инсулинге төзімділікті арттырады, нәтижесінде, глюкозаның метаболизмі бұзылады.
Адамның этникалық тегіне, туу салмағына, кейбір ауруларға және тұқым қуалаушылыққа медицина ештеңе істей алмайды, басқа да факторларға әсер етуге болады.
Қант диабетінің даму қаупін азайту үшін дұрыс тамақтану, физикалық белсенді болу, жаман әдеттерден бас тарту, жеткілікті ұйықтау, өмірге позитивті қарау және жоспарлы медициналық тексерістен өтіп тұру керек.
Оқи отырыңыз: Қант диабетімен күресуге көмектесетін тағамдар
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова