- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қансырап жатыр". Атырауда...
"Қансырап жатыр". Атырауда итке арматура кіріп кеткен
Атырауда итке арматура кіріп кеткен. Полиция істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 17 мамырда Нұрсая шағынауданында болған. Ерікті және зооқорғаушы Мамучар Карлович бұл хабарды әріптестерінен естіген. Карлович оқиға орнына келіп, арматура кіріп кеткен ит қансырап жатқанын көрген.
Зооқорғаушы мұны адамдар істеп кеткен деп ойлаған. Ал полициядағылар тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
"Бейнебақылау камералары арқылы 17 мамырда сағат 12.00 шамасында ит арматура кіріп кеткені анықталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, видеодан оқиға орнында куәгерлер жүргенін, алайда олардың ешқайсы көмекке келмегенін көруге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина