- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қанша рет төбелестім"....
"Қанша рет төбелестім". Актер Айдар Асқарбек қарындасы Аша Матайды күйеуін жолықтырғанша қызғанған
Әнші, тележүргізуші Аша Матайдың ағасы күйеубаласы Арман Қоңырмен алғашқы кездесуі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айдар Асқарбек қарындасы Аша Матайды күйеуін жолықтырғанша қызғанғанын айтты.
"Студент кезде қанша төбелестім сол қыз үшін. Мынадай оқиға болады. Мен үйге келсем, бір жаққа жиналып бара жатыр. "Қай жаққа бара жатырсың?" дедім. "Бір жаққа кетіп бара жатырмын" дейді. "Қыздармен" деп алдамайтын, бірақ айтпайды. Мен түсіндім, "Кім?" дедім. Үндемей, қобалжи бастады, мамаға қарайды. Ал мама рұқсатын беріп қойған. "Барсын, немене, студент болды, мен рұқсат бердім, кім екенін білемін" дедім. "Бармайды" дедім. "Болды, Боташа, сен бар бер, Айдарды өзі шешемін" дедім. Мен тұрам да, барып есікті кілттеймін. Аяқ киімін тазалап, шығарып қойыпты, лақтырып жіберемін. Ал ол жылап, "Мама, ол мені жібермейді, неге әпке туып бермедіңіз, маған бәле болды ғой" деп жылайды кәдімгідей", - деді ол НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында.
Айдар Асқарбек сонымен бірге күйеубаласы Арман Қоңырмен алғаш рет кездескенде екеуінің арасында болған әңгіме туралы да айтты.
"Содан Арманды жолықтырды. Өнерде. Сосын маған айтты. Мен сырттай танимын. Mysterions тобы ол кезде дүрілдеп тұрды. Өзім де тыңдадым басында. (...) Онда кездестір дедім. Маған ең ұнағаны Әрине, көбі қырындайды, жүгіреді, гүл сылайды, әрқайсымен кездестім. Әрқайсының көзіне тік қараймын да, "Нақты көзқарасың қандай?" деймін. Арманның ең ұнағаны - көзіме тік жауап берді. "Мен ойнап жүрген жоқпын" деді. Жалпы өзін абыройлы, жігіт ретінде жақсы ұстады. Көрініп тұрды. Осы жігіт болады. Тамаша жігіт. Болды, қол алыстық, "Саған тапсырдым, ренжітсең, ренжіме" дедім. Ол "Түсінемін, менің де әпкем бар" дегенде одан сайын сыйлап кеттім", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан