- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қанша күн еңбек...
Қанша күн еңбек демалысы денсаулыққа пайдалы?
Денсаулыққа пайдалы еңбек демалысы 28 күнге созылуы керек, өйткені ағза демалыстың үшінші аптасында ғана ресурс жинай бастайды. Бұл туралы ресейлік психолог, эндокринолог Антон Поляков айтты, - деп хабарлайды Ura.ru.
"Бірінші аптада демалып жатқаныңа байланысты стресс сезінесің, бұл кезде бейімделу керек. Екінші аптада адам босаңсып, психикасының ең күрделі тұстарын қалпына келтіре бастайды. Үшінші апта қауіпсіздік резерві деп аталады. Яғни, кейін стреске түсетін жағдайларды жеңуге көмектесетін белгілі бір ресурс жиналады. Төртінші апта - бейімделудің айтулы кезеңі. Адам біртіндеп үйреншікті өмір ырғағына орала бастайды. Адам осылай демалса, бұл оған бір жылға жетеді әрі психикасы қалыпты болады", - деп түсіндірді Антон Поляков.
Оның айтуынша, Кеңес Одағында 28 күн бекер қолданылмаған. Ол адам қысқа уақыт ішінде демалып үлгермейтінін жеткізді.
Ж. Қадыржанова"Кем дегенде үш аптадан аз демалу - дұрыс емес процесс. Елестетіп көріңізші, бір апта демаласыз, сізде стресс, бұлшық еттеріңізді енді ғана босаттыңыз, сол сәтте қайта жұмысқа ораласыз. Адам жеті күнге кетсе, ол демалғаннан гөрі көп стресс алады", - деп түсіндірді Поляков.