- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қанша қазақстандық жеңілдетілген...
Қанша қазақстандық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша көлік алып үлгерді?
Елімізде 195 қазақстандық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша көлік алып үлгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 миллиард теңге мөлшеріндегі револьверлік қаражатқа жеңілдетілген автокредит ала алатын Бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінген.
2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 миллиард теңге сомаға 569 өтінімін мақұлдады (олардың жалпы саны 761 адам).
Оның ішінде 195 қатысушыға 1,696 миллиард теңге сомаға автомобильдер берілді. Қарыздың орташа мөлшері - 8,7 миллион теңге.
Еске салайық, өтінімнің қолданыс мерзімі - 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автонесиені рәсімдеуге тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулды қалыптастыруға бағытталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек