- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қанша қазақстандық бос...
Қанша қазақстандық бос уақытын балаларына арнайды? Зерттеу
Отбасы өсіп келе жатқан ұрпақтың құндылығының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл - базалық әлеуметтік институт, оның жұмыс істеуі мемлекеттің әл-ауқаты мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Алайда қанша қазақстандық бос уақытын балаларына арнайды? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
"Қазақстандық отбасылар - 2022" ұлттық баяндамасында отбасылардың өзара қарым-қатынастың қалай қалыптасатыны жаппай сауалнама алу тәсілімен анықталған. Респонденттерге отбасындағы қарым-қатынасқа қанағаттануы, балаларының бойына сіңіретін құндылығы, отбасылық дәстүр, бірге уақыт өткізу, ұрпақтар арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктері мен балалар тәрбиесі туралы сұрақтар қойылған.
"Сауалнама нәтижелері бойынша балалары бар қазақстандықтардың 45,5 пайызы бос уақытын балаларымен өткізеді. Респонденттердің шамамен 17 пайызы күн сайын өз уақытын балаларға арнауға тырысады", - делінген баяндамада.
Кейінгі бірнеше жылдағы мәліметтермен салыстырғанда ата-аналардың балалармен бірге өткізетін уақытының төмендеу үрдісі байқалады. Әйел респонденттердің 44,5 пайызы өз балаларымен тұрақты, ал 25,6 пайыз ер адамдар балаларымен жиі уақыт өткізетіні анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек