Мемлекеттік кірістер департаментінде алматылықтардың қаншасы банкрот деп танылғаны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалада жыл басынан бері 1727 өтініш берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарызын өтей алмайтын борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Будугулов мәлімдеді.
Заң 2023 жылы наурыздан бастап күшіне енді. Заңды іске асырудың мақсаты - азаматтардың борыштық жүктемесін азайту. Заң күшіне енген күннен бастап Алматы қаласы бойынша келіп түскен өтініштердің саны - 8100, оның ішінде биыл 1727 өтініш түскен.
Сондай-ақ, спикер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін түсіндірді. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы тұрақты табыс көзі болған жағдайда қарызды 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылады.
Борышкерге қойылатын жалғыз шарт қарыз сомасы қарыз алушының меншігіндегі мүліктің құнынан аспауы керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!