- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қаңғыбас иттерге қаржы...
"Қаңғыбас иттерге қаржы бөлмейді". Экология министрі әкімдіктерді сынға алды
Экология және табиғи ресурстар министрі Зулфия Сүлейменова жергілікті әкімдіктердің иесіз жануарларды уақытша ұстауға арналған орталықтарды салуға жеткілікті қаражат бөлмейтінін айтып, сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жауапты шендінің сөзіне қарағанда, Қазақстан аумағында қаңғыбас ит-мысықтарға арналған 4 мемлекеттік орталық қана бар. Ал жалпы еліміздегі иесіз жануарларға арналған 69 осындай үй-жай қажет.
"Біз заңнамадағы осы олқылықтарды жетілдіру үшін жануарларды қорғау ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жұмысты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты екенін де айта кетейін. Ал жануарларды қорғау ұйымдары қаңғыбас иттер мәселесін көтеріп, қаражат пен инфрақұрылым проблемаларын шешуді сұрап отыр. Олар бүгінде орталықтар мен уақытша ұстау пункттерін салуға жеткілікті ақша бөлінбегенін айтып жатыр", - деді Зүлфия Сүлейменова.
Сонымен қатар ол жергілікті әкімдіктер қажетті инфрақұрылымды құру бағытында жүйелі жұмыс жүргізбейтінін жеткізді.
Азамат Қойшығара
А. Жапатова