DAZN стриминг қызметі Геннадий Головкиннің Сауль Канело Альвареспен алғашқы жекпе-жегі туралы айтқан видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Головкиннің карьерасында алғашқы жекпе-жегі тепе тең аяқталды.
"Бұл жекпе-жекте жеңіс үшін жеткілікті күш жұмсалғанына сенімдімін", - дейді Головкин видеода.
GGG Канеломен спарринг өткізгенін есіне алды: "Бірге бірнеше жаттығу жиындарын өткіздік. Бұл бұрын болған. Ол да, мен де басқа боксшылар едік. Бір-бірімізбен спаринг жасап, тәжірибе бөлістік. Ол кезде ол қазіргідей емес еді".
Ол сол жекпе-жек алдында не сезінгенін айтты. "Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына алғашқы үлкен жекпе-жекке бара жатқандай сезіндім. Мен сенімді болдым және бүкіл ойымды жекпе-жекке бөлдім", - дейді қазақстандық.
"Ол жетілген және тәжірибелі бола түскен. Ол спортшы ретінде жетіліп, өскен", - дейді Головкин Канело туралы.
"Бұл жекпе-жекте IQ төмен немесе деңгейі төмен боксшы болған жоқ", - дейді қазақстандық.
Головкин жекпе-жек барысы туралы да айтқан. "Алғашқы раундтарда қарсыластың тактикасына қарайсың. Онда көбірек ақпарат бар. Мен оның не ойлағанын түсіндім: бірінші раундтардан кейін бәрі анық болды. Ол таңғалдырған жоқ. Ең қызығы жекпе-жектің ортасында басталды. Өзіміздің мықты жақтарымыз бен мүмкіндіктерімізді аша бастадық", - дейді GGG.
Головкин Канелоны басқа қарсыластармен салыстырды. "Оның тәжірибесі бұрынғы қарсыластарымнан әлдеқайда жақсы. Оның шеберлігі, жылдамдығы, күші басқа қарсыластардан ерекше", - деп есептейді қазақстандық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!