Төрт салмақтағы әлем чемпионы Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек қалай аяқталатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді.
"Алда бізді тамаша жекпе-жек күтіп тұр. Головкин - қауіпті боксшы, бірақ мен оны нокаутқа түсіремін. Сөзсіз солай болады. Құлшынысым тасып тұр. Рингке оралатын сәтті тағатсыздана күтіп отырмын.
Әдеттегідей барынша жаттығып жатырмыз және аздаған өзгеріс көрсетеміз. Нокаут - жекпе-жек аяқталатын жалғыз жол", - дейді мексикалық боксшы.